Қызылордада мал ұрлап, пайдаға кенелемін деп еді…

2 543

Фото: GhatGpt көмегімен жасалдыҚызылордада  мал ұрлығының алдын алу шаралары күшейтілуде,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мал ұрлығының кезекті дерегінің жолын кескен.

2026 жылғы 27 мамыр күні сағат 22:30 шамасында Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылы маңындағы «Қандөз–Жаңақорған» автожолында қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторларынан құрылған топ мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан байланған ірі қара мал табылып, оның жайылымнан заңсыз әкетілгені анықталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ретінде екі жергілікті тұрғын ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Осыған байланысты тұрғындарға малды міндетті түрде сырғалап, таңбалап, тиісті құжаттарын рәсімдеу, жайылымға қараусыз жібермеу, сондай-ақ ұйымдасқан түрде бағып, бақылауды күшейту ұсынылған.