Ардақ Ибраимов мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын талқылады
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Жиынның негізгі күн тәртібінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қазіргі ахуалы және тиісті органдар мен мекемелерге берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжіліске жауапты сала басшылары, бөлімдер мен мекемелердің жетекшілері қатысып, өз салалары бойынша нақты баяндамалар жасады. Олар атқарылған жұмыстар, алынған нәтижелер, сонымен қатар алдағы кезеңде іске асыру жоспарланған іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынды. Әрбір баяндамадан мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы анық байқалды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов өз сөзінде мемлекеттік бағдарламалар мен көрсеткіштердің сапалы орындалуының маңыздылығына тоқталды. Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және берілген әрбір тапсырманың нақты нәтижеге әкелуіне ерекше назар аударуды тапсырды. «Мемлекеттік бағдарламалар мен көрсеткіштер уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс. Халықтың әл-ауқатын көтеру, экономикалық көрсеткіштерді арттыру бойынша берілген әрбір тапсырма – нақты нәтиже беруге бағытталуы керек», – деді аудан әкімі.
Жиынды қорытындылай келе, Ардақ Ибраимов көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды, жұмыстың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы іс-шараларды жандандыруды тапсырды. Аудан әкімі барлық сала басшыларына берілген тапсырмаларды нақты уақытында орындау және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс нәтижесінде алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді көтеру, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері басты назарда болатыны белгілі болды.







