Пандемия кезіндегі Рамазан: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

506

Фото: pixabay.comБүгін Алматы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай жамағатпен бірге намаз оқылмайтынын айтты.

Дін маманың сөзінше, Рамазан айы кезінде мешіттерде жамағатпен намаздың оқылмайтыны коронавирус індетімен байланысты.

Биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуір күні басталып, 12 мамырда аяқталады. Бұл шешім Орталық Азия муфтияттарымен келісу нәтижесінде және ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде қабылданған.

"Бірінші тарауық намазы бүгін, 12 сәуір күні оқылады. Қаламызда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты мешіттерде жамағатпен тарауық намаздары уақытша оқылмайды", - дейді Еркінбек Шоқай. 

Сонымен бірге ол Рамазан айында айтылатын уағыз-насихаттар мен көпшіліктің сауалына жауап беру онлайн режимде өтетінін де атап өтті. 

"Azan.kz парақшасы және әлеуметтік желілер арқылы Алматы қарилары оқыған Құранды тыңдауға мүмкіндік болады. Ораза мен құлшылыққа қатысты барлық сұрақтарға Орталық мешіттің Call-орталығынан жауап алуға болады", - дейді қаланың бас имамы. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.