Жалағаш ауданы «Алтын күз – 2025» салтанатында «Озат аудан» номинациясымен марапатталды
Бүгін Қызылорда қаласында өткен дәстүрлі «Алтын күз – 2025» ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің салтанатты жиынында Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бағытында «Озат аудан» номинациясының иегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Марапатты Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін атап өтіп, аудан әкімі Ардақ Ибраимовке табыстады.
Салтанатты іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан жалағаштық озат мамандар мен шаруашылық жетекшілері де түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.
«Алтын күз – 2025» мерекесі өңір еңбеккерлерінің бір жылдық еңбегін саралап, үздіктерді ынталандыруды мақсат етеді.