Қызылордада УЕФА стандартына сай стадион салынып жатыр

2 439

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметіМәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев өңірлерге жұмыс сапары барысында Қызылордаға барды. Онда UEFA стандартына сай салынып жатқан стадион құрылысымен танысты және футболшылармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Мемлекет басшысы Бурабайда өткен «Ұлттық құрылтайда» футболға қатысты бірқатар нақты тапсырма бергенін атап өтті.

Қызылорда облысы сол тапсырмалардың негізінде алғаш болып UEFA классификациясы бойынша ІІІ санаттағы, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін жаңа стадион құрылысын бастап отыр. Қыркүйек айында осы стадионда үлкен ойын өтпек. Сондай-ақ облыс әкімдігінің ұстанымы бойынша «Қайсар» футбол командасы алғаш рет легионерлерсіз ойнап, отандық спортшыларға қолдау көрсетіп келеді. Футбол – көпшілікке арналған спорт. Сондықтан оны насихаттауға күш салуымыз қажет. Сонда ғана жастардың спортқа деген қызығушылығы артады, – деді Мұрат Әбенов.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев стадионда кәсіби футболшылар ғана емес, қала тұрғындары, жастар мен балалардың спортпен шұғылдануына да толық мүмкіндік қарастырылғанын айтты. Мұнда бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика, таэквондо және фитнес залдары болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.