Қызылорда әуежайы алаяқтардан сақтануға кеңес береді

1 515

Фото: Қорқыт ата әуежайыҚызылорда қаласында орналасқан халықаралық Қорқыт ата әуежайының басшылығы алаяқтық қаупі туралы ескертіп, көпшілікке одан сақтануға үндеу жасаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәлім болғандай, белгісіз біреулер әуежай атынан хабарласып, «сәлемдемеңіз келді, төлем жасау қажет» деген мазмұнда жалған ақпарат таратқан. 

Аталған хабарламалар мен қоңыраулар — алаяқтық әрекеттер. Қорқыт ата әуежайы жеке тұлғаларға телефон арқылы хабарласып, сәлемдеме немесе жүк үшін төлем талап етпейді. Азаматтардан күмәнді қоңыраулар мен хабарландыруларға сенбеуді, ақша аудармауды және жеке деректерін бермеуді сұраймыз, — делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.