Жалағаш ауданында "Заң мен тәртіп – Қазақстанның негізі" атты семинар өтті
Жалағаш ауданында "Заң мен тәртіп – Қазақстанның негізі" атты семинар өтті
2026 жылғы 10 сәуір күні «Жалағаш – заңға бағынған, тәртіпке негізделген аудан» атты кешенді іс-шаралар жоспары аясында Жаңаталап ауылындағы №119 орта мектепте мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Аталған семинардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және
қоғамдағы тәртіп мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің мамандары, полиция бөлімінің қызметкерлері, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және жоғары сынып оқушылары қатысып, еркін форматта пікір алмасты. Кездесу ашық диалог алаңында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап алды.
🔹 Семинар барысында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, топтық төбелес, буллинг, ұрлық, сталкинг, вандализм секілді құқыққа қайшы әрекеттердің салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі кеңінен айтылды. Мамандар әрбір құқық бұзушылықтың тек
жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға кері әсер ететінін нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Сонымен қатар, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің жауапкершілігі, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де ерекше назарға алынды. Оқушыларға заң талаптарын сақтау – олардың болашағына жасалған маңызды қадам екені түсіндірілді.
🔹 Кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіпті нығайту, салалық бұйрықтардың орындалуын қадағалау және мектепішілік бақылауды күшейту мәселелері де көтерілді. Бұл бағытта мектеп пен ата-ана, құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланыс пен бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
🔹 Қоғамдық қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына байланысты заң талаптары, профилактикалық есепке алу тәртібі, сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу жұмыстары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұл бағыттағы шаралардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз ортаны қалыптастыру екені айтылды.
💬 Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мамандар тарапынан берілген нақты әрі түсінікті жауаптар жастардың құқықтық білімін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, оқушылар өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы тәртіп пен заңның маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.
📍 Қорытындылай келе, мұндай мазмұнды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында заңға құрметпен қарау, тәртіпті сақтау, жауапкершілікті сезіну сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Бұл өз кезегінде қауіпсіз қоғам қалыптастыруға және болашақта саналы, заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады.







