ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 504

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен, Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты сақтау, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге жол бермеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша кездесу өтті.

Жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Нұрболат Серікұлы Дүйсенбаев бастаған облыстық прокуратура, өзге де құқық қорғау органдарының басшылары аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбекұлымен бірге бірқатар өндірістік нысандарды аралап, «Горнодобывающая компания Хонда» ЖШС-нің «Бурабай-Жалғызағаш» қорғасын-мырыш кен орнындағы жобасымен және «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Кездесуде аудан аумағындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жер қойнауын пайдалану талаптарының қатаң сақталуы және жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді заң аясында шешу жолдары түсіндіріліп, талқыланды.

Одан соң «Руханият» орталығында қатты пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу және жер қойнауын пайдалану саласындағы заң талаптарын сақтау мәселелеріне арналған жиынмен жалғасты. 

Жиында облыс прокурорының бірінші орынбасары Нұрболат Серікұлы және табиғат қорғау прокуратурасы, Экология департаменті, полиция және аудан әкімдігі өкілдері баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді атап өтті.

Аудан басшысы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, жаңа өндіріс орындарын ашу және тұрғындарды жұмыспен қамту аудан үшін маңызды басымдық екенін атап өтті.

Сонымен бірге жер қойнауын тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды қорғау, заңсыз өндіруге жол бермеу және инвестициялық жобалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар құқық қорғау және бақылаушы органдармен бірлесіп, ұдайы бақылауда болатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысымен көтерілген мәселелер бойынша атқарылуға тиісті міндеттер айқындалып, заңдылықты қамтамасыз ету бағытында нақты іс шаралар жүзеге асырылатын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.