ЖАҢАҚОРҒАНДА МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРУДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

1 506

ЖАҢАҚОРҒАНДА МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРУДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері “Тасмалдаушы” жедел-профилактикалық іс шарасы барысында, 2026 жылдың қыркүйек айының 10-күні сағат 01:58 шамасында Жаңақорған кенті, Өрғараев көшесінің бойында "ВАЗ-2107" маркалы автокөлігі токтатылған. Тексеру барысында 29 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйінде, көлік басқарғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік масаюдың "жеңіл" дәрежесінде болғаны нақтыланды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, жинақталған құжаттар Жаңақорған аудандық Сотына әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданып, 10.09.2026 жылғы Соттың қаулысына сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері барлық жүргізушілерді заңды бұзбауға шақырады! Өйткені масаң күйде жолға шыққанның салдары қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін! Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларға, жолаушыларға, жаяу жүргіншілерге үлкен қауіп төндіреді!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.