Қызылордада 14 үй жанындағы дүкеннен әлеуметтік бұрыш ашылды
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының қолдауымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сататын «Үй жанындағы дүкендер» ашылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үй жанындағы дүкендер - бұл тауарларды бөлшек саудада өткізуге арналған арнайы әлеуметтік бұрыштар. Сауда бұрыштарын ашудағы басты мақсат - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) төмендетілген бағамен халыққа тиімді түрде ұсыну болып табылады.
Бүгінде қаламызда 14 үй жанындағы дүкенде арнайы сауда бұрыштары ашылып, онда келісімшарт негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары орташа нарықтағы бағадан 10%-15%-ға төмен бағада сатылуда.
Облыс әкімдігінің бас¬тамасымен қолжетімді үшінші дүкен ашылды. Кең әрі жайлы сауда орнында облыстың тұрақтандыру қорының және «кері схемамен» жұмыс істейтін өндірушілердің тауары 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылуда. Шанхай мөлтек ауданында өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін, басқа да күнделікті қажетті азық-түлік тауарларын төмен бағада сататын тағы бір «Әлеуметтік маркет» жұмысын бастады. Бұл Қызылорда қаласында ашылған 30-әлеуметтік дүкен. Сондай-ақ жыл соңына дейін қалада 18 және аудан орталықтарында қосымша 14 әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарланудаБүгінгі күні ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық- түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп тұр. Өткен аптада сәбіз, пияз, картоптың бағасы жоғарыласа, қант, қырыққабат, жұмыртқаның бағасы төмендеген. Қалған 13 өнімнің бағаларында өзгеріс жоқ.
Кешегі күнгі мәлімет бойынша облыстық сауда орындарының қоймалары мен тұрақтандыру қорында 12 209,6 тонна азық-түлік сақталып, сатылуда.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1042,9 тонна өнім көлемі сақталып, төмен бағада сатылуда. Оның ішінде бірінші сортты бидай ұны - 616,5, күріш - 96,8, қант - 235,4, макарон - 72,3, қарақұмық жармасы - 21,9 тонна.
Өңір басшысы облыс орталығындағы «Small», «Магнум», «Әл-асад» секілді ірі сауда үйлеріне барып, халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалады. Ұн, қант, күнбағыс майы мен көкөніс өнімдерін бағасын бекітілген тізіммен сәйкестігіне назар салды