Жалын ішіндегі ерлік: Әке мен бала ажал аузынан үш баланы құтқарды
Акмола облысы, Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылы тұрғынының үйі өртке оранды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.
Өрт бес баласы бар Юлия Черкасскаяның үйінде орын алған. Оқиға барысында екі бала өздігінен шығып үлгерсе, үшеуін ауыл тұрғыны Ерлан мен ұлы Мирас Тоқсанбаевтар құтқарып қалған. Алдымен Ерлан газ баллонды сыртқа шығарып, электр сымдарын ажыратып, терезені бұзып балаларды сыртқа шығара бастайды. Мирас та әкесіне жәрдемдесіп, қалған балаларды қауіптен арашалап қалады. Бірнеше минуттан соң үйде қалған газ баллондары жарылған. Құтқарушылар айтуынша өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. Айта кетейік, әке мен баланың батыл әрекеті ескеріліп, "Ерлігі үшін" мемлекеттік наградаға ұсынылуы көзделіп отыр. Қазір зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілуде.