Жалын ішіндегі ерлік: Әке мен бала ажал аузынан үш баланы құтқарды

2 547

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Azattyq RýhyАкмола облысы, Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылы тұрғынының үйі өртке оранды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Өрт бес баласы бар Юлия Черкасскаяның үйінде орын алған. Оқиға барысында екі бала өздігінен шығып үлгерсе, үшеуін ауыл тұрғыны  Ерлан мен ұлы  Мирас Тоқсанбаевтар құтқарып қалған. Алдымен Ерлан газ баллонды сыртқа шығарып, электр сымдарын ажыратып, терезені бұзып балаларды сыртқа шығара бастайды. Мирас та әкесіне жәрдемдесіп, қалған балаларды қауіптен арашалап қалады. Бірнеше минуттан соң үйде қалған газ баллондары жарылған. Құтқарушылар айтуынша өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған. Айта кетейік, әке мен баланың  батыл әрекеті ескеріліп, "Ерлігі үшін" мемлекеттік наградаға ұсынылуы көзделіп отыр. Қазір зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілуде.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.