Электрлі қармақпен балық аулағандар 10 жылға сотталуы мүмкін

1 482

Фото: Pixabay.comЖамбыл облысының әкімдігі Мәжіліс депутаттарына электр тогының көмегімен балық аулайтын браконьерлерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 6 мың айлық есептік көрсеткіш (23,6 млн теңге — ред.) теңге айыппұл салатын заң нормаларын енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әкімдіктің депутаттық сауалға жолдаған жауабында айтылған.


"Қазіргі таңда браконьерлер электр тогымен балық аулайды. Бұл проблеманы шешу үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту қажеттілігін қолдаймыз. Осыған орай, Қылмыстық Кодекске браконьер электр тогымен балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерін жаппай жоюдың тәсiлін қолдана отырып жасаса, браконьердің мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыру, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу енгізуді ұсынамыз.", — деп жазылған жауапта.