АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫН АРАЛАДЫ

1 478

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігіЖаңақорған кентіндегі көп бейінді орталық аурухана ғимаратына қосымша блок қосып, қайта жаңғырту жұмыстарына Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөліп, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

13 мамыр күніаудан әкімі Мажит Самитов, аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Ршымбетов және мердігер мекеменің өкілдері медициналық нысанның құрылысын бақылады.

Айта kетейік, медициналық нысанда заманауи үлгідегі ангиограф және МРТ қондырғылары орнатылып, 10 төсек орын бөлімше ашылу жоспарлануда. Келешекте аудан халқына жүрек қан тамыр ауруларын анықтау және ота жасау қызметі қол жетімді болады.

Аталған ғимарат 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.