Қызылордада жатақхана тұрғындарына өртке қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

338

Фото: Opennews.kzҚызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жылу беру маусымына байланысты жатақхана тұрғындарына қауіпсіздік ережелеріне сақтауда түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізлуде, -   деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Үстіміздегі жылдың 15-30 қыркүйек аралығында қала аумағында «жатақхана»  іс-шарасы өткізілуіне байланысты Төтенше жағдайлар басқармасы көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесіп, өрт қауіпсіздігіне арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараға жергілікті әкімдік өкілдері, еріктілер,  өрт сөндіру бөлімі мен  КазТрансГаз аймақ қызметкерлері қатысты.


«Іс-шараның басты мақсаты қаламызда орналасқан 12 жатақхананың тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Себебі 2021 жылдың қортындысы бойынша қала аумағында 126 өрт оқиғасы орын алған. Соның салдарынан 5 адам қаза болып, 13 адам жарақат алды. Осындай өрт оқиғаларын алдын алу мақсатында бүгінгі күні тұрғын үйлерге қала бойынша 15 тамыздан бастап түсіндірме жүмыстарын жүргізудеміз. Сонымен қатар, дәліздерде орналасқан электр сымдарының дұрыстығына мән беру, тұрғын үйлерде пайдаланатын  газ балондарын тексеру жұмыстарын жүргізу. Рейд  барысында анықталған кемшіліктер қалалық әкімдікке ұсыныс ретінде жіберілетін болады.», - деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы. 


Қала аумағында орналасқан жатақхана  иелерімен кездесіп, түсіндірме қағаздары берілді. 

  
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрғындарға өрт  қауіпсіздігін сақтаудағы кемшіліктерді қалай жою қажеттігі, апаттық жағдайдағы ақаулы электр аспаптарын пайдалануға жол бермеу және жылыту пешін және газ пешін жылу маусымына қалай дайындау керектігі рейд барысында түсіндіріп өтті. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.