Қызылордада "Достық" үйінде дөңгелек үстел өтті

1 501

Кеше "Достық" үйінде Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен шайқасқан ардагер Р.Батырхановтың қаза болуына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылордалық шекарашылар ұйымдастырған бұл шара қанды соғыста Отаны үшін жанын қиған батыр туралы әсерлі естелікке айналды. Дөңгелек үстел барысында Р.Батырхановтың рухына деген құрмет пен алғыс сөздер айтылып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды тұстарына тоқталды. Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында «Застава тарландары» РҚБ-і Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, мемлекеттік органдар, ардагерлер мен коғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Барлық қатысушылар Р.Батырхановтың батырлығы мен адалдығы үшін үлкен кұрмет көрсетіп, алғысын білдірді.


Ресми бөлімнің соңында ардагерлердін Р.Батырхановқа «Халык каһарманы» атағын беру туралы ұсынысы ерекше сәтке айналды. Бұл атақ оның ерлігіне деген терең құрмет көрсетіліп, біздің жадымызда мәңгі есте сақталатыны сөзсіз. Жиын жалпы естелік суретке түсу рәсімімен аяқталды.