Елімізде 2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы мен зейнетақы, АЕК мөлшері өседі

420

2023 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақының ең төменгі мөлшерi 48 032 теңгеден 53 076 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы "Ашық НҚА” сайтында талқылауға шығарылған Қаржы министрлігінің "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет" жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото:wwss.kzҚұжат 8 қыркүйекке дейін қоғам талқысында болады. Жобаға сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 21 907 болып өзгереді. Ал зейнетақының ең төмен мөлшерi 53 076 теңге болып бекітілуі мүмкін.

Сонымен қатар жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға көтеріле отырып белгіленеді. 

Бұдан бөлек, келесі жылдың қаңтарынан айлық есептік көрсеткіш мөлшері өседі. Биыл ол 3 180 болса, 2023 жылыдан бастап 3 450 теңге болмақ. Бюджет жоспарына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болып бекітіледі.