RUB (+0.18) 8.21 KZT
USD (-1.87) 479.42 KZT
EUR (-6.40) 467.91 KZT
Қоғам
63

Сотталғанды қақпа алдынан бауыры күтіп алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеден Е.есімді  сотталғанды «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында мекемеден шығарып салу шарасы өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сотталған азамат  Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. 
Шараға қалалық пробация қызметі, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары  және мекеме қызметкерлері қатысты.
Жоба аясында мамандар бұл азаматқа босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттерінн түсіндірді.  Одан соң, босатылған соң  жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді. 

Сотталғанға  мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова босап шыққан  азаматқа мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетіндігін айтып, олардың бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуларына мамандар көмек көрсететіндігін жеткізді. 

Бостандыққа шыққан азаматты  қақпа алдынан бауыры  күтіп алды.

Дана Достанова 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД