Шетелдік студент 17 жастағы мүгедектігі бар қызды зорламақ болған

1 527

Фото: Depositphotos.com / VitalikRadkoАнна Муленкова есімді тұрғын әлеуметтік желіде Үндістаннан келген студент 17 жастағы мүгедектігі бар қызын үйінің маңында зорламақ болғанын жазды. Оның мәлімдеуінше, бұл жағдай төрт күн бұрын болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Сол күні кешкі сағат жетілер шамасында емтиханнан кейін үйге қайтып келе жатқан. Бала жазылмас дертке шалдыққан, паллиативтік күтімде. Ол – кішкентай, нәзік, әлсіз қыз. Сол күні сырқаттанып қалуыма байланысты оны жолдан күтіп ала алмадым. Ол қорыққанынан айғайлай алмаған.
Қазір маған елшілік пен полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатыр: олар ақша үшін ауыр дертке шалдыққан қызымның 

ар-намысын сатып, істі жабуды ұсынып отыр. Әзірге жай-жапсарын жариялай алмаймын», – деп мәлімдеді қыздың анасы.

Ол шетел азаматының әрекетінен басқа да әйелдер зардап шеккенін айтып, жақсы қорғаушы табу үшін оқырмандарынан көмек сұраған.

Жәбірленуші тараптың арызы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері аталған ер адамды анықтап, ұстады», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер тексеру қорытындысынан кейін заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.