Қызылордада "Qnet-пен" қаржы пирамидасымен 44 миллион теңге жинаған

2 554

Қызылорда облысында "Qnet" қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.


Ведомство мәліметінше, күдіктілер Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылғы қаңтар айы аралығында 44 миллион теңгеге жуық көлемде ақша жинаған.


"Тергеу барысында жәбірленушілер компанияға 840 мыңнан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін де Қызылорда облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталғаны хабарланды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.