Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекет басшылары 4 құжатқа қол қойды

1 899

Тәжікстанда Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:


1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;


2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;


3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;


4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.


Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр.


Президент Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына қатысып, баяндама жасағаны хабарланған болатын.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.