ЖАҢАҚОРҒАНДА АБАЙМЕН ӨРІЛГЕН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

1 501

ЖАҢАҚОРҒАНДА АБАЙМЕН ӨРІЛГЕН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Бүгін Жаңақорған кенті орталығындағы «PRIME PARK» саябағында Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Қазақтың қасиетін тану – Абайды танудан басталмақ» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Рухани шараның басты мақсаты – ұлы ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, Абайдың тағылымды ойларын жас ұрпақтың санасына сіңіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Кеш барысында аудан өнерпаздары Абайдың өлеңдері мен әндерін орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады. Ақынның адамгершілік, білім, ғылым, еңбек және елдік туралы терең ойлары кеңінен насихатталды.

Сонымен қатар, шара аясында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтардың назарына ұсынылды.

Абай мұрасы – халқымыздың рухани темірқазығы. Абайды тану – ұлттың рухани болмысын тану. Сондықтан ұлы ақынның мұрасын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.