Жалағаш ауданы «Алтын күз – 2025» салтанатында «Озат аудан» номинациясымен марапатталды

1 570

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жалағаш аудан әкімдігіБүгін Қызылорда қаласында өткен дәстүрлі «Алтын күз – 2025» ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің салтанатты жиынында Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бағытында «Озат аудан» номинациясының иегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Марапатты Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін атап өтіп, аудан әкімі Ардақ Ибраимовке табыстады.

«Жалағаш ауданы соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Аудан шаруалары жаңа технологияларды енгізіп, егіс көлемін арттырып, инвестиция тарту ісінде өңір бойынша алдыңғы қатардан көрініп отыр. Бұл табыстар аудан еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Салтанатты іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан жалағаштық озат мамандар мен шаруашылық жетекшілері де түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

«Алтын күз – 2025» мерекесі өңір еңбеккерлерінің бір жылдық еңбегін саралап, үздіктерді ынталандыруды мақсат етеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.