Қызылордада түзеу мекемесіне гамбургердің ішіне насыбай жасырып өткізбек болған

1 530

Фото: ҚАЖДҚызылорда қаласындағы №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 9 жылға бас бостандығынан айырылған сотталғанның інісі сәлем-сауқат арқылы гамбургердің ішіне жасырып, төрт дана насыбай өткізбек болған. Алайда мекеменің бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі мен №60 мекеме қызметкерлері күмәнді затты дер кезінде байқап, тексеру барысында тыйым салынған өнімді анықтаған. 

Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, материалдар әкімшілік сотқа жолданған. 

Айта кетейік, Қазақстанда 2015 жылдан бастап насыбайды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынған. Шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандар заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.