Қызылордалық тұрғын Тоқаевтан көмек сұрауда

1 523

Қызылордалық тұрғын өзін жазықсыз істі болғанын айтып, мемлекет басшысынан көмек сұрауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіге жүктелген бейнежазба барша халықтың назарын аудартты. Қызылорда қаласының тұрғыны жергілікті полиция қызметкерлері жала жауып, арнайы жасақ арқылы суық қару мен есірткі заттарын көлігіме салып қойды деген жазбасы қызу талқыға түсті.




Бейнежазба авторы:

«1981 жылы туылған Қызылорда қаласының азаматымын. Осы жазбам арқылы ҚР Президентіне, Бас Прокурорына,  ҚР ІІМ  төмендегідей шағымымды айтамын:


Қазіргі таңда Қызылорда облыстық Полиция департаментінің №10 басқармасының және де ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы автокөлігіме мылтық пен есірткі затын салып, үстімнен жалған қылмыстық іс тіркеп отыр.


Полиция қызметкерінің көлігінен менің көлігіме отырған бейнежазбасы бар. Менің автокөлігіме мінген жолаушы Павлодар тас жолына жеткізуін сұрады. Қайтар жолымда ГАИ қызметкері тоқтатып, көлігіме мінген жолаушының отырған жерінен табылды.»,- дейді айыпталушы Ғани.


Тінту барысында мылтық пен 10 қорап есірткі табылғаны да белгілі болды. Жала жабылып, жазықсыз сотталып кетуден қорқамын деген қала тұрғыны атқа мінер азаматтарымыздан араша түсіп, әділдік орнатуын сұрайды.


Ал, Қызылорда облысының Полиция департаменті:

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс тіркеліп тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - дейді.