Қазақстанда алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады

266

Фото: pixabay.comСиноптиктер алдағы мереке күндері, 1-3 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, сәуірдің соңғы күндерінде Қазақстан аумағына антициклонның енуімен республиканың көптеген облысында ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр.

Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жоталары елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын алып келеді.
 Осыған орай мамандар оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17...27°С-тан 28...36°С-қа дейін, солтүстік өңірлерде
10...18-ден 15...23°С-қа дейін көтерілуі мүмкін екенін жеткізді. 

Бірақ циклондар да көп күттірмейді – 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде нөсер болып, найзағай ойнап, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Сонымен қатар бұршақ жаууы да мүмкін. 

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2 мамырдан бастап батыс аймақтарға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ете бастайды, олар солтүстік аймақтар арқылы жылжып, бұл аудандарда жаңбыр жауады.