Президентіміз Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады

1 620

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Президент облыстың дамып жатқаны өңір басшысының жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

“Қысқаша айтсақ, Қызылорда облысы барлық кезеңде қарқынды дамып келеді. Өңірдің жағдайы жақсы деп сеніммен айта аламын. Бұл – облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді әрі мақсатты жұмысының нәтижесі”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеп, Қазақстанның одан әрі дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап, қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелерге тоқталатынын айтқан еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.