Қызылордада із-түзсіз кеткен ер адамның денесі табылды

2 508

Фото: PinterestҚызылорда облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматқа қатысты іздестіру жұмысының нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті хабарлама түскен бойда оны жедел түрде іздестіруге кіріскен.

Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.

— Нәтижесінде жоғалған ер адамның мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылды. Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр, — делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.