ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

1 564

 Фото: видеодан скринҚызылорда қаласындағы «Арай» демалыс саябағында жантүршігерлік оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, кеше аттракциондардың бірінде баланың аяғын атракцион машинасы шайнап кеткен, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

 Куәгерлердің айтуынша, баланың бір аяғы оқиға орнында үзіліп қалған. Ал екінші аяғы ауыр жарақат салдарынан салбырап қалғандықтан кесіп тастаған. Сондай-ақ баланың көп мөлшерде қан жоғалтқаны хабарланды.

 Осыған байланысты желі қолданушылары тұрғындарды шұғыл түрде қан тапсыруға шақырып жатыр. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта кез келген қан тобы қажет.

 Әзірге аталған оқиғаға қатысты құзырлы органдар тарапынан ресми ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.