ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМДЫҒЫНА ДАЙЫН БА?

1 323

Бүгін Қызылорда қаласы бойынша барлық орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлерге жылу берілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Күздің салқын лебі сезіліп, күннің райы өзгеріп келеді. Қаламызда жөндеу жұмыстары басталып, қысқы жылыту маусымына дайындық аяқталып қалды. Алайда, жылу құбырлары жаңартылып жатқан көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмағандары да бар. Қазақстанда жылу маусымы 15 қазанда басталады. Алайда күн күрт суытатын өңірлерде жылу ерте беріледі. Сол өңірлердің бірі Қызылорда қаласы. Ауа-райының күрт суытуына байланысты жылу қазандығы іске қосылды.


«Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлердің жылу маусымына дайындығын, ПИК және КСК немесе басқарушы компания пысықтайды. Жылу жүйесінің жалпы жағдайы, жылуды есептеу құралдарының және жылу беру негізгі тораптарының орнатылуы мен дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі. Бүгінде апатты байланыс тетігіне қоңырау шалушылардың легі көп.  Басым көпшілігі жылу құбырлары атылғандығын айтып хабарласуда. Енді бірі бір бөлмеде жылу бар, екіншісінде жоқтығын айтуда.», - дейді мамандар.


Әдетте, қазан айының басына қарай коммуналдық қызметкерлер ақауларды анықтау үшін жылу жүйелерін сынақтан өткізеді. Тиісінше қаламызда қазан айының 5-нен бастап жылу желілерінде 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ өткізілген болатын.


«Қызылорда жылу орталығы» бүгінгі күні 379 көпқабатты үй, 25 мектеп пен 8 балабақша, 15 медициналық және 40 мемлекеттік мекеме мен 160 шаруашылық мекемені жылытуда.