Қызылордалық қария пойыздағы әдепсіз әрекеті үшін жазаланды

2 549

Фото: Polisia.kzҚызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 69 жастағы ер адам жолаушылар пойызында түнде жанындағы жәбірленушіге қарап жатып әдепсіз қылықтар жасаған. Тиісіп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғаның тыныштығын бұзған.

- Сотта құқық бұзушы осы жасаған әрекеттерін мойындаған. Осылайша құқық бұзушының әрекеті жәбірленушінің ішкі істер органдарына берген арызымен, жазбаша көрсетуімен, көліктегі полиция бөлімі қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен дәлелденген. Сот жаза қолдануда оның егде жаста екенін ескерді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен 86500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада. 

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.