ЗАМАНАУИ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шиелі ауданының Досбол датқа ауылдық округінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен салынған заманауи үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңа нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева және «Саутс Ойл» ЖШС вице-президенті Серік Мырзабеков қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Сыр спортындағы толағай жетістіктерді атап өтіп, қолға алынған жоспарлардың орындалу барысына тоқталды.
«Қазақстан халқына» қоры жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын көптеген жобаларды жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, ашылу салтанатында қордың басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева мен «Саутс Ойл» ЖШС вице-президенті Серік Мырзабеков атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Айта кетейік, өткен жылы өңір халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 46,2%-ға жетті, 2023 жылы 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, 2024 жылға өтпелі 6 нысан толық аяқталып, іске қосылуда.