Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

2 160

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіАймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығының бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өткелінің, орталық стадионның, тарихи-мәдени мұра орталығының, сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы физика-математика мектеп-интернаты мен музыкалық колледждің құрылыс алаңдарындағы жұмысты көрді. Жаңақожа батыр көшесі арқылы өткел салудағы мақсат – теміржолдың арғы бетіндегі Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандарын  қаланың орталығымен көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтай отырып байланыстыру.

Аймақ басшысы сол жағалаудағы жаңа стадионның құрылыс барысын көрді. Бүгінде стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау аяқталып, қабырғасы мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Ғимараттың сыртқы қабырғасы, ішкі инженерлік желілерін жүргізу аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру басталады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.