Қызылорда - Ақтөбе трассасы уақытында пайдалануға берілмек

2 585

Фото: ©pixabay.com

 Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев "Қызылорда - Ақтөбе" тас жолының құрылысын уақытында аяқтауға уәде берді,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Sputnik.kz ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

Бүгінде бұл жол "Батыс-Еуропа – Батыс Қытай", сондай-ақ, Ресей мен Орталық Азияны қосатын негізгі бағыттардың бірі болып саналған.

"Қызылорда – Ақтөбе" жобасы үш учаскеге бөлінген. "Ақтөбе-Ұлғайсын" және "Сексеуіл-Қызылорда" құрылысы осы жылы басталады. Ал "Ұлғайсын-Сексеуілді" келесі жылы бастаймыз. Жоспар бойынша үш учаскенің жұмыстарын бір уақытта бітіруіміз қажет", - деді Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

 "Қарағанды – Жезқазған" және "Орталық – Батыс" бағыттары бойынша құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталмақ. Мамандар бұл жөндеу жұмыстары облыстың дамуы мен транзиттік әлеуетінің өсуіне оң әсерін береді деп отыр. Жалпы Ұлытау арасы мен Сыр өңірін жалғайтын ауқымды жолдың жобасы 2026 жылға дейін аяқталады.