Қызылордада жаңа күн электр станциясы салынады

2 513

Фото: ©Pixabay.comҚызылорда облысында жаңа күн электр станциясы салынады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Италиялық ENI мекемесіне еншілес «Альхена» серіктестігі Арал ауданында қуаты 30 мегаватт күн электр станциясының құрылысын жүргізген. Жобаның құны - 8,2 млрд теңге. Жобаға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 65 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастау үшін EPC (инжиниринг, сатып алу және құрылыс) келісімшартына қол қойылған. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталады. Жоба іске асырылған жағдайда 10-нан астам жаңа жұмыс орны ашылиақ. 

Жалпы, облыс аумағында 130 мегаватты құрайтын 11 күн электр станциясы жұмыс істейді. Оларға TotalEren (Жалағаш ауданы - 28 МВт), United Green Energy (Шиелі ауданы - 50 МВт), Hevel (Жаңақорған ауданы - 10 МВт) және Huadian (Шиелі ауданы - 40 МВт) сияқты халықаралық инвесторлар қатысқан. Куаттылығы 260,5 мегаваттан астам 6 күн және 2 жел электр станциясы іске қосылмақ. Бұл бастамалар өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, электр энергиясын тиімді әрі экологиялық таза өндіруге мүмкіндік бермек.