Үй ауласында сора өсімдігін өсірген қызылордалық азамат ұсталды

1 449

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында өз үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген Жосалы кентінің тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Үй ауласынан 41 түп сора өсімдігі, 2 литр банкіге салынған өзіне тән ерекше иісі бар шөп және пластмас қорабына салынған кептірілген сора өсімдігіне ұқсас жапырақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды.


Сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 33 кг 747 гр сора өсімдігіне жататындығын бекіткен», - деп мәлімдеді ІІМ-нен.


Күдікті азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.