25 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді
Қармақшы ауданының Жосалы кентінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топқа арналған 50 пәтерлік 25 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ел ағалары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқынын атап өтті. 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған 5 мыңнан астам адамға пәтер табысталған. Биылғы жылы облыста 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға 58,8 млрд теңге бөлінген, оның ішінде Қармақшыда 207 пәтерлік 103 үй пайдалануға берілген.
Салтанатты рәсімде әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыс басшысы тұрғындармен кездесу барысында алдағы даму жоспарлары мен ұсыныстарды талқылады.







