Қызылорда қаласына қарасты Абай және Досан елді мекендері табиғи газға қосылды
2 505
"QazaqGaz" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда қаласының Абай және Досан елді мекендерін табиғи газға қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінде Абай – 2 519, Досанда 873 тұрғын бар. Аталмыш жобаны жүзеге асыру арқасында жоғарыда аталған елді мекендердегі 592 үйге табиғи газ беруге мүмкіндік туды.
“Табиғи газдың өзге отын түрлеріне қарағанда артықшылығы көп. Көгілдір отын – адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай жеңілдететіні рас. Дегенмен, тұтынатын табиғи газымыз адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін, оны тұрмыста пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет. Үйдегі түтін мұржалары мен желдету арналарын уақтылы тексеру және тазарту, газдан ажырату автоматикасы бар дабылқаққыштарды орнату қауіпсіздік кепілі болып табылады. Бұл сіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін маңызды”, – деп атап өтті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ КӨФ директорының бірінші орынбасары Олжас Исмалаев.