Халық қалаулысы «Қызылорда-Жезқазған» жолының жұмыстарымен танысты

2 509

Фото: news.myseldon.comҚызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов «Қызылорда-Жезқазған» жолының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Автожолдың Қызылорда облысындағы ұзындығы 204 шақырымды құрайды. Біздің өңірге қарасты бөлігі 6 лотқа бөлінген. Техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, Қызылорда қаласының айналма жолы – Iб санатты, 4 жолақты. Ұзындығы 14,6 шақырым. 12-216 шақырым аралығы – II санатты, 2 жолақты. Ұзындығы 201,4 шақырымды құрайды. Жоба бойынша бүгінде барлық жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтсақ, ауыл шаруашылық техникалары мен үй жануарларына арналған жол өткелдері, су арналарына өтетін көпірлер, көп функцианалды аралық бақылау өлшейтін аркалар, заманауи жылы дәретханалар мен демалыс алаңдары толық қарастырылған.

Фракция мүшесі мониторинг барысында сала өкілдері, мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысының жүргізілуін талқылады.