Қызылорда да “BASTAU CUP” дебат турнирі өтті

2 512

«Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ауыл ойындары» жобасы аясында “BASTAU CUP” дебат турнирі өтті.

Турнирге 12 команда қатысып, жастар арасында өзекті тақырыптар талқыланды. Пікірсайыс барысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Әділетті Қазақстан» идеологеммасы кеңінен қозғалып, қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады. Тартысты әрі мазмұнды өткен турнир қорытындысы  бойынша:  І орын – «Қыздар емес» фракциясы;  ІІ орын – «Тайная Санта» – 1+1 фракциясы;  ІІІ орын – «Қонаев» фракциясы.

Дебат – тек жарыс алаңы емес, ол жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейтін орта. “BASTAU CUP” турнирі де белсенді жастардың басын қосып, білім мен парасаттың, ой мен рухтың нағыз сайысына айналды. Бұл – жай ғана жарыс емес, бұл – идеялар мен көзқарастардың, білім мен энергияның шайқасы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.