ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 510

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері барлығы 7 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қабылданып жатқан кешенді шараларға қарамастан, облыс аумағында жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарудың 490 дерегі тіркелді.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 341 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заң талаптарына сәйкес оларға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген 20 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік басқармауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.