Жағдайы нашарлаған иесін құтқарып қалған ит елдің жүрегін елжіретті

225

Фото: pixabay.comАҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында төбет иесін құтқарып қалды.

Бұл оқиға 11 сәуір күні болған. Ер адам итімен бірге серуенге шыққан екен. Алайда оның аяқ астынан денсаулығы нашарлаған көрінеді.

Осы кезде қасындағы иті жақын маңдағы үйге жүгіріп барып, ондағы тұрғындарға иесінің бірдеңге тап болғанын сездірген. Олар оқиға орнына барып, тез арада жедел жәрдем шақыртқан.

Болған жайт туралы полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жазған.

"Ақылды әрі адал ит пен көмек көрсетуге ұмтылған жергілікті тұрғындардың арқасында ер адамға жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол өзін жақсы сезінеді. Төбетке марапат ретінде көптеген дәмді тамақ берілді", - дейді полициядан.

Жазба бірнеше лүпіл жинап, әлеуметтік желілерде лезде тараған. Көпшілік жануардың иесіне тезірек сауығып кетуін тілеген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.