ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

1 502

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА  ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қазалы ауданында қала жастарының бастамасымен жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Жаңа спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, тұрғындар мен спортсүйер қауымды игі бастаманың жүзеге асуымен құттықтады.

Аудан әкімі өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, туған жерге жанашырлық танытып, ел игілігі үшін бас қосқан Қазалы қаласының азаматтарына алғысын білдірді.

-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жасаған Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Биылғы жылдың өзінде ауданымызда Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің ерекше қолдауымен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берлісе, жуық арада ғана облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қатысуымен Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында заманауи спорт кешендері ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұдан бөлек маусым айында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде 2 спорт алаңы ашылды. Бүгін осындай игі істер тағы да жалғасын табуда. Мұның барлығы — балаларымыздың дені сау әрі елжанды азамат болып қалыптасуы үшін жасалып жатқан игі істер, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мұнан кейін спорт алаңын салуға атсалысқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жаңа спорт алаңының ашылуында Мәлік Тілеп ақсақал ақ батасын беріп, игі бастамаға ізгі тілегін жеткізді.

Спорт алаңының ашылу салтанаты әрі қарай қала жастары арасында шағын футболдан ұйымдастырылған турнирге ұласты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазалы қаласында қала жастарының ұйымдастыруымен тағы бір спорт алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ойын алаңы қайта жаңғыртылған болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.