Қызылордада канал маңындағы қураған шөптер отқа оранды

290

Қызылорда қаласының Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптер отқа оранды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 


Бүгін 12 маусым Қызылорда қаласына қарасты Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптер отқа оранып, сөндіру қызметіне шақырту келіп түскен. 


Сағат 14-тен 50 минут өткен шамасында жану оқиғасы туралы хабар келді. Анықталғандай: Қызылорда қаласы, Наурыз саяжайының тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде шамамен ауданы 5 га қураған шөп, шеңгел, жыңғыл жануда. Оқиға орнында өртті сөндіруге: 4 техникамен 21 қызметкер жұмылдырылды. Оқиға орнында Штаб құрылды. Құрметті өңір тұрғындары! Әрқашанда табиғат аясында, көшеде, тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз, - деді Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.