ЖАҢАҚОРҒАНДА 8 ЕЛДІ МЕКЕНДІ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

1 504

ЖАҢАҚОРҒАНДА 8 ЕЛДІ МЕКЕНДІ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Сырдария өзенінің бойындағы 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының құрылыс барысымен танысты.

Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже және Билібай ауылдары табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Жалпы жобаның құны – 5,1 млрд теңге. «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның инвестициялық жобасы аясында 2026–2027 жылдары 33 шақырым жоғары қысымды және 34,7 шақырым ауылішілік газ құбыры тартылады.

2026 жылы 27 шақырым газ құбырын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 8 шақырым аумақта жер қазылып, 3,5 шақырым газ құбыры төселді.

Аудан басшысы мердігер мекемеге құрылыс сапасын қамтамасыз етуді, жұмысты белгіленген кестеге сәйкес жүргізуді және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.