Қызылордада бас бостандығы шектелген азамат тазалық жұмыстарын атқаруда
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бас бостандығы шектелген азамат тазалық жұмыстарын атқарып жүр, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жуырда Т. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек атқару міндеттелген.
Бұл азамат дүкеннен азық-түлік, арақ-шарап заттарын ұрлап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.
Жалпы, мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген. Бүгінгі күні Жаңақорған аудандық пробация есебінде тұрған 14 сотталған азамат тұрғылықты жері бойынша сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбегін атқарған.