Қызылорда облысында 4 мың бөдене бар құс фабрикасы өртеніп кетті

2 549

Фото: ТЖМ баспасөз қызметіҚызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


28 ақпанда сағат 04.37-де жеке бір қабатты құс фабрикасының төбесі 288 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.


Куәгерлердің айтуынша, құс фабрикасының ғимаратында 4 мың бөдене болған.


Өрт сағат 06.12-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.