Қызылорда полицейі болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде

2 185

Қызылорда облысы полиция департаментіПрофилактика жылы аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің Сырдария ауданы полиция бөлімі 10-14 жас аралығындағы балалар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған спорттық іс-шара жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өткізілді.

Тәртіп сақшылары тек қана қоғамдық тәртіпті күзетіп қоймай, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне де белсене атсалысып келеді. Осындай игі бастамалардың бірі – спорт арқылы жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, дұрыс бағыт-бағдар беру.

Қызмет барысында болашақтан зор үміт күттіретін жас спортшылар анықталып, олардың талантын шыңдауға мүмкіндік жасалды. Полицейлер балаларға үлгі көрсетіп, оларды тәрбиелеуде тек сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.