Байқоңырда балаларын өлтірмек болған әке 30 тәулікке қамауға алынбақ

2 325

Байқоңырда балаларын өлтіремін деп қорқытқан әке балаларынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


56 жастағы байқоңырлық ер адамның сөзін екі қыз шын қабылдап, қорқып келген. Прокуратураның мәлімдеуінше, қыздардың қорқуына негіз болған.


Балалар Байқоңыр қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету кешенді орталығының әлеуметтік пәтеріне орналастырылды. Олардың әкесі Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қылмыстық істерді Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі “Кісі өлтіру қаупі” бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына жіберді.


Отандық заңдарға сәйкес, адам өлтіру қаупі үшін отыз тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.