Ауыз су мен кәріз қызметіне дифференциалды тариф енгізілді
Қызылордада ауыз сумен қамтамасыз ету және сарқынды суды бұру қызметтеріне 2025–2030 жылдарға арналған дифференциалды тариф бекітілді. Тариф мамыр айынан бастап қолданысқа енгізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аталған шаралар «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның қызметі аясында жүзеге асып жатыр. Бұл туралы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік кәсіпорынының басшысы Жасұлан Абатов баяндады.
Ауыз су нысандарына, кәріз жүйесіне тиісті қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақты нәтижелерге тоқталсақ. 340 метр су құбырына күрделі жөндеу жасалды, 39 дана тозығы жеткен ысырма мен кері клапан ауыстырылды, 57 насос қондырғысы мен 8 электрқозғалтқышқа күрделі жөндеу жүргізілді,тозған 287 дана шойын қақпақ, сондай-ақ 75 дана темірбетон жабынды жаңасымен алмастырылды, 45 арнайы техника мен автокөлікке жөндеу жұмыстары жасалды. Ауыз су жүйесінде орын алған 604, ал кәріз жүйесінде 1 184 ақау қалпына келтірілді. Ауыз су қызметі бойынша да нақты жұмыстар атқарылды. Жалпы 183,2 метр құбыр жөнделіп, 40 дана өрт сөндіру гидранты сатып алынды.